Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп пен Путин кездеспек

Трамп пен Путин кездеспек

Әлімдік БАҚ-та АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесетіні туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей президенті Путин арасындағы келіссөздің нәтижелі өткені хабарланған еді. 

Бейсенбі күні Мәскеу АҚШ пен Ресей президенттерінің жеке кездесу өткізу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар кездесуге дайындықты бастап кеткен. Ол кездесудің өтетін орны келісілгенін, бірақ бұл ақпарат кейінірек жарияланатынын нақтылады. 

Ал The New York Post басылымы Трамптың Путинмен кездесу үшін өз шарты бар екенін мәлімдеді. Басылымға сұхбат берген Ақүй өкілі Путин Зеленскиймен кездесуге келіскен жағдайда ғана, Трамп кездесуге баратынын айтқан.  

Ресей президенті Владимир Путин Трамппен кездесуге қатысты сұраққа жауап беріп, кездесу өтуі мүмкін орынды атады. 

"Бізде осындай іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесуге дайын көптеген достарымыз бар. Сол достарымыздың бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті. Оны алда нақты шешеміз деп ойлаймын, БАӘ осындай орындардың бірі әрі өте қолайлы орын болар еді", – деді Владимир Путин. 

Путин кездесуге екі тараптан да қызығушылық білдірілгенін атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыста 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне қарсы 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген еді. Кейін Трамп 50 күндік мерзімді қысқартып, Ресейге тек 10 күн уақыт беретін айтты. 10 күндік мерзім 8 тамыз күні аяқталады. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.