Абылай хан Цин империясына алым-салық төлеген бе? Семейде тарихи шындық айтылған ғылыми еңбек жарық көрді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бір айға созылады": Трамп Иранға қарсы шабуылы туралы ашық айтты

"Бір айға созылады": Трамп Иранға қарсы шабуылы туралы ашық айтты
modern.az

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның шамамен төрт аптаға жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Daily Mail басылымына берген сұхбатында Трамп операцияның ұзақтығына қатысты болжамын айтты.

"Біз бұл үдеріс шамамен төрт аптаға созылады деп есептеп отырмыз. Тарихқа қарасақ, мұндай операциялар әдетте осындай мерзімге жоспарланады. Сондықтан күрделілігіне қарамастан, ол төрт апта ішінде немесе одан да ертерек аяқталуы ықтимал", – деді АҚШ президенті.

Сарапшылардың пікірінше, Трамптың бұл мәлімдемесі аймақтағы әскери-саяси жағдайдың әрі қарай қалай өрбитініне байланысты маңызды сигнал болуы мүмкін. Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы ахуал халықаралық қауымдастықтың жіті бақылауында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер