Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Toyota миллиондаған көлігін кері қайтарып алады

Toyota миллиондаған көлігін кері қайтарып алады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

110 0 0

Сатылған көліктердің электронды басқару блогында ақаудың бар екені анықталды. Осыған байланысты Toyota миллиондаған көлікті кері қайтармақ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Әлем бойынша 3,4 миллион Toyota көлігі кері қайтарылады. Себебі қауіпсіздік жүйесінде ақау табылды, деп хабарлайды Reuters. 

Сатылған көліктердің электронды басқару блогында ақаудың бар екені анықталды. Соның салдарынан жол апаты кезінде қауіпсіздік жастықшасы ашылмай қалуы немесе кенеттен ашылып кетуі мүмкін. Осыған байланысты Toyota миллиондаған көлікті кері қайтармақ.

Мәселен, 2011-2019 жылдары шығарылған Corolla, 2011-2013 жылдары шыққан Matrix және 2013-2018 жылдары өндірілген Avalon мен Avalon Hybrid маркалы көліктер кері қайтарылады.

Тағы оқыңыз: Шетелдік көліктерге қатысты дау: министрлік өкілдері Арменияға жол тартты

Айта кетсек, ақаулығы бар Toyota көліктерінің басым бөлігі АҚШ-та сатылған. Дилерлердің есебі бойынша олардың жалпы саны 2,9 миллионға жуық.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан