Құрылтай сайлауы белгіленді: 7 партия додаға қатысудан дәмелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төтенше жағдай: Түрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды

Төтенше жағдай: Түрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды
Фото: ашық дереккөздерден

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, бірқатар туристік нысандарды су басты, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, су тасқынынан Түрген–Ассы автожолының 25-шақырымындағы учаске мен өзен бойында орналасқан демалыс аймақтары зардап шеккен. Сондай-ақ, "Түргенсай" туристік аймағындағы алты киіз үй аумағын су басқан. Бірқатар қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері де зақымданған. Мамандардың жіті тексеруінен кейін Үлкен Алматы каналы бойындағы жолдың 54-шақырымында орналасқан су өткізу құрылғысы маңында топырақтың шайылуы анықталды.

Қазір төтенше жағдай салдарын жою және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылған. Оның құрамына Еңбекшіқазақ ауданының әкімі, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және басқа да жауапты органдар кірген.

- Туристік нысандар мен демалыс аймақтарында болған азаматтар эвакуациялануда. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, залалды жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген Алматы облысының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданында Ақсай өзені деңгейінің көтерілуі туралы да ақпарат тараған еді.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.