ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Төсек қатынасына түспедім”: Толғағы қысқан келіншек өзінің пәк екенін айтып, босанудан бас тартты

“Төсек қатынасына түспедім”: Толғағы қысқан келіншек өзінің пәк екенін айтып, босанудан бас тартты

Қытайда жүкті келіншек толғағы қысқан кезде босанудан бас тартып, өзінің пәк екенін және ешқашан ер адаммен жыныстық жақындықта болмағанын айтып сендіруге тырысты.

  Гуйян қаласының 20 жастағы тұрғыны 6 ақпанда іші ауырып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің мәліметінше, ол толықтығы үшін өзінің жүкті екенін білмеген. Ауруханада толғағы қысқан келіншек босанудан үзілді-кесілді бас тартып, дәрігерлердің пәктікті анықтайтын тест жасауын талап етіпті, деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz. Артынша жүкті әйел дәрігерлерге өзін босандыруға кдергі келтіріп, олардың қателескенін айтып дауласқан. Ол «ер адамдарды жақсы көрмейтінін» және «жігітпен төсек қатынасында болмақ түгілі, ешқашан кездеспегенін айтты». Ал дәрігерлердің сауық кешінде есінен айырылғанша ішімдік ішіп, осылайша жүкті болып қалғаны туралы сұрағына «ішімдік ішіп көрген емеспін» деп жауап берген. Дәрігерлер пациенттің қарсылығына қарамастан, кесір тілігін жасап, босандырып алды. Жаңа туған сәбиді әйелдің ата-анасына табыстады. Себебі ол туған перзентіне жақындағысы келмеді. Қазіргі уақытта жас босанған ананың баласын балаларын үйіне өткізетін-өткізбейтіні белгісіз. Сондай-ақ, сәбиінің әкесі кім екені де беймәлім.

Источник: Stan.kz

Автор
Санжар