Қазақстанда үйлену тойларын өткізу мәдениетін өзгертіп, ұлттық дәстүрге сай тәртіп қалыптастыру ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы «Информбюро» бағдарламасында айтылды. Қазамбаевтың пікірінше, қазіргі тойларда салт-дәстүрдің мәні ескерілмей, даңғазалық пен орынсыз ойын-сауыққа басымдық беріліп жүр. Ол жас жұбайларға арнайы орын әзірлеп, төрге құдалар мен үлкендерді отырғызуды ұсынды.
Белсенді сондай-ақ той бағдарламасын қайта қарау қажеттігін айтып, алдымен үлкендерге арналған дастарқан ұйымдастырып, жастардың көңіл көтеру кешін бөлек өткізген жөн деп есептейді. Оның пікірінше, қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын әзілдер мен ойындардан да бас тарту керек.
Ұлытау өңірінің ақсақалдары да той өткізудің ортақ тәртібін қалыптастыру бастамасын көтеріп отыр. Олар ұлттық әдеп пен үлкенге құрмет сақталуы керектігін алға тартады.
Бастамашылар тойдың басты мақсаты сән-салтанат пен қымбат ойын-сауық емес, екі әулетті жақындастырып, ағайынның басын қосу екенін атап өтеді. Алайда ұсыныстарға қатысты әзірге ортақ шешім қабылданған жоқ.