Саясат

"Тоқтатайын деп шешім қабылдадым". Дәулет Тұрлыханов шұғыл мәлімдеме жасады

"Тоқтатайын деп шешім қабылдадым". Дәулет Тұрлыханов шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының Президенті лауазымынан кететінін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Атақты спортшы және қоғам қайраткері бұл шешімі туралы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол жазбасында атқарған қызметін қорытындылап, жанашырлық танытқан барша жандарға ризашылығын білдірді.

«Құрметті достар мен әріптестер! Бүгіннен бастап Қазақстан күрес федерациясының президенті ретіндегі жұмысымды аяқтауға шешім қабылдадым. Бірге атқарған жұмысыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз», – деп жазды Тұрлыханов.

Ол федерация құрамында еңбек еткен жылдарда жүзеге асқан маңызды жобалар мен спорттық жетістіктерді ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл табыстар жеке адамның ғана емес, барша команданың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Федерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды. Ол алдағы уақытта қазақ күресінің дамуын жалғастырып, жаңа міндеттерді жүзеге асыруға кіріспек.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz