Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқтар Серіков жеке өміріне қатысты ерекше қағидатын айтты

Тоқтар Серіков жеке өміріне қатысты ерекше қағидатын айтты
ашық дереккөзден

Әнші Тоқтар Серіков "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында жеке өмірі мен отбасына қатысты жазбаларды неге әлеуметтік желіге салмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай өнер иесінен көп әріптестері күнделікті өмірін, жетістігін, ішкен-жегенін көрсетіп отыратынын айтып, оның мұндай қарапайым ұстанымды қайдан алғанын сұрады.

Тоқтар Серіков бұл мәселені жұбайымен ақылдасып шешкенін айтты. Оның сөзінше, олар Instagram желісінде жеке өмірін, тұрмысын, отбасы жағдайын көпшілікке көрсетпеуді жөн көрген.

"Бұл сұраққа жауап берсем, көпшіліктен оқшауланып қалатындай сезінем. Бірақ шындықты айтсам, жұбайыммен ақылдасып, Instagram желісіне жеке өмірімізді жарияламауды жөн көрдік. Не ішіп, не жегенімізді, қандай көлік мініп, қай үйде тұратынымызды, тіпті бала-шағамның санын да көрсеткім келмейді. Мен бар жағдайыммен шүкіршілік етіп отырған адаммын. Алайда елімізде әлі де тұрмысы төмен, күн көрісі қиындаған жандар бар. Баласының болашағына алаңдап, көзіне жас алған ата-аналар бар. Сондай сәттерді ойласам, көңілім құлазиды. Өзім мақтанып жатқанда, бір адам маған мұңайып қарап тұрса, бұл – мен үшін үлкен сын. Сондықтан өнердегі барша әріптестеріме айтарым: бұл – жылтырап, мақтанып отыратын емес, керісінше, байлығыңды жасыратын заман. Аш адамды тойдырып барып мақтан. Кейде өзімді сырттан түсіріп алған видеоларды көргенде ұялып, өкінетін сәттерім болады", – деп шын көңілмен бөлісті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер