Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Бұл туралы Threads желісінің Зере Махамбеталиева есімді қолданушысы жазды, деп kznews.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Пайдаланушының айтуынша, Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары үшінші баласына жүкті.
"Айтсам өсек болып кетеді. Жанымдағы келіншектің енесі Тұрсынбектің тоқалының анасымен бірге жұмыс істейді екен. Палатада отырып осыны сөз еттік. Сол келіншек енесінен бұл әңгімені 2-3 жыл бұрын естігенін, бірақ сенбегенін айтты. Енесі тіпті суретін де көрсетіпті. Қазір тоқалы үшінші баласына аяғы ауыр, жуырда Меккеден оралған. Тұрсынбек оған шуба сыйлап, Астанадан үй алып беріпті. Екеуі сол жақта бірге тұрады екен. Енесі Қызылордадағы ауруханада зейнетке шығуға дейін жұмыс істеп жүр, кейде демалыс алып, жиі қалатын көрінеді", – деп жазды желі қолданушысы.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова YouTube арнасына берген сұхбатында әзілкешпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын.
