KZNews.kz
Қоғам

“Тоқалды ұлықтағандар - қыздардың көз жасына кінәлілер” - Нұрлан имам

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы екінші әйел алу және тоқал тақырыбына қатысты пікір білдіріп, қоғам назарын өзіне аударды. Дін өкілі бұл мәселеге жеңіл қараудың және оны жиі насихаттаудың зиянын атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Имамның айтуынша, соңғы уақытта кей адамдар діннің терең мәнін емес, нәпсіге қатысты тұстарын алға тартып, екінші не үшінші әйел алу мәселесін жиі қозғайтын болған.

«Нәпсіге еріп, үнемі “қатын, екінші, үшінші қатын, тоқал” деп айтумен шектеліп қалдық. Осыны ұлықтап, насихаттай бергеннен, бүгінде жылап жүрген талай қыздың көз жасына сол кісілер кінәлі.
Шариғатты айтып, елдің рухани және әлеуметтік мәселелерін көтерудің орнына, тек екінші әйел алуды жетістік етіп көрсету — қате ұстаным», — деді Нұрлан қажы өз уағызында.

Имам қоғамды діннің шынайы мәніне үңіліп, ұлттың болашағы мен рухани ахуалына көңіл бөлуге шақырды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары