KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаевтың телефонын тыңдады: Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті

KZNEWS

Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды. 30 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды.

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те Қасымовтың отставка және мемлекеттік қызметтен кету жөнінде өтініш беріп, өтініші мақұлданғанын жазды.

Қасымовтың міндетін оның орынбасары Ермек Сағымбаев уақытша атқарады.

Жуырда Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP)бастаған бір топ медиа ұйым "тыңшылық бағдарламамен кибераңду" жөнінде ірі зерттеу жариялаған. Қасымовтың отставкаға кеткені осы зерттеу жарияланғаннан кейін хабарланып отыр. Зерттеуге сәйкес, кибераңдуға қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалар (оның арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар, болжам бойынша оның телефоны сенат спикері болып тұрған кезде тыңдалған болуы мүмкін) мен отставкаға кетсе де, саяси ықпалын жоғалтпаған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев айналасындағы адамдар ұшыраған.

"Назарбаев режимін тұтас – басынан аяғына дейін аңдығанға ұқсайды, оны сол елдің өзінің арнайы қызметі аңдыған сияқты" деп тұжырымдайды зерттеу авторлары.

Бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев халықаралық зерттеуді "дәлелсіз, интрига тудыратын ақпарат" деп атаған.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары