ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың шетелдік банктерде шоты бар екені рас па?

Тоқаевтың шетелдік банктерде шоты бар екені рас па?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің шетелдік банктерде шоты бар ма екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен оффшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.

Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол - кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.

Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Instagram парақшасында.
Автор
Еркебұлан