«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевты Мәскеуге шақырған Путиннің түпкі мақсаты белгілі болды

Тоқаевты Мәскеуге шақырған Путиннің түпкі мақсаты белгілі болды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың Мәскеуге сапарында талқыланған мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сілтеме жасап.




Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмысын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүддесін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысына қатысушыларға видеоконференция режимінде сөз арнаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы ойын айтқан.
Автор
Нұрсұлтан