KZNews.kz
Саясат

Тоқаев «Жоғары дәрежелі достық» орденімен марапатталды

Ayzhan Sylanova
Фото: Ақорда

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген құрмет ретінде қабыл алғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынасты нығайтуға Өзбекстан көшбасшысының қосқан үлесін ерекше бағалады. 

«Қазақстан мен Өзбекстанның достығы баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бірлескен қажыр-қайратпен стратегиялық серіктестікті әрі одақтастықты жаңа мазмұнмен байытамыз», – деді Тоқаев.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық аренадағы жетістіктерін атап, бұл марапаттың Тоқаевтың ерен еңбегіне, елдің өркендеуіне және халыққа деген қамқорлығына берілген шынайы бағасы екенін жеткізді. Президенттер екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары