Медиасауат: қоғам блогерлер мен инфлюенсерлерге сенбейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент судьяларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентіне Жоғарғы соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды

Жақып Асанов Азаматтық процессуалдық кодексті одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайындығы және жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажеттігін айтты. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан