Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Азимованы Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындады.
Ақорданың хабарлауынша, тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.