Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: Халық жол, аула және балалар алаңдарына қатысты шағым айтады, бірақ әкімдер елемейді

Тоқаев: Халық жол, аула және балалар алаңдарына қатысты шағым айтады, бірақ әкімдер елемейді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың жергілікті инфрақұрылымға қатысты шағымдарына әкімдіктердің реакциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Астанада өткен ауыл әкімдерінің диалог алаңында Мемлекет басшысы бүгінде азаматтардың өтініш-шағымдарын қарау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін оңай бақылай алады. Әрбір азаматтың өтінішіне нақты, түсінікті жауап берілуі тиіс.

«Әдетте, өтініштердің басым бөлігі жергілікті инфрақұрылымға – жолдарға, аулаларға, балалар алаңдарына қатысты. Бұл – жергілікті жерде шешілуі қажет негізгі мәселелер. Алайда әкімдіктер мұндай өтініштерді жиі елемейді, ал жауап ала алмаған тұрғындар орталыққа, тіпті Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр болады», – деді Президент.

Президент бұл көрсеткіштің маңыздылығына тоқталып, азаматтардың жергілікті билікке деген сенім деңгейін дәл осы шағымдар саны арқылы бағалауға болатынын атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.