Тоқаев Ұлттық қор қаражаты қандай жобаларға жұмсалатынын айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ұлттық қор қаражаты қандай жобаларға жұмсалатынын айтты

Тоқаев Ұлттық қор қаражаты қандай жобаларға жұмсалатынын айтты
фото: kznews AI

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан қаражат әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайда әкелетін стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруға бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың қаржысы мақсатсыз жұмсалады деген пікірлерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, қаражатты пайдалану нақты нәтижеге қол жеткізуге және келер ұрпақтың игілігін қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.

– Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың пайдасын қазақстандық балалар қазірдің өзінде көріп отырғанын атап өтті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында олардың арнайы есепшоттарына қомақты қаражат аударылып жатыр.

Президенттің сөзінше, ендігі міндет – болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет ететін заманауи әрі сапалы инфрақұрылымды дамыту.

– Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын пайдалану және стратегиялық жобаларды қаржыландыру мәселесіне алдағы Қазақстан халқына Жолдауында кеңірек тоқталатынын жеткізді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.