ка

Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019 16:04
0
36
Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтады

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан, Армения басшыларымен және Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Астана Нұр-Сұлтан деп өзгереді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды

Армения басшысы Армен Саркисян да Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оған  ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан мен Армения жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысын Грузияның мремьер-министрі Мамука Бахтадзе де құттықтады.

Тағы оқыңыз: Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий