Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Сенаттың биылғы жұмысын қорытындылады

Тоқаев Сенаттың биылғы жұмысын қорытындылады
27 Желтоқсан 2018, 13:00 209 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың 2018 жылғы жұмысын қорытындылады.

«Бүгін палатаның осы жылғы қорытынды отырысын өткіздік. Жалпы, биыл Парламент 80 заң қабылдады. Қабылданған заңдардың 30-ға жуығы Елбасының нақты тапсырмаларын орындауға бағытталды. Сенаторлар заң жобаларының басым көпшілігін қысқа мерзімде жан-жақты мұқият қарастырып, көптеген маңызды түзетулер енгізгенін атап өту қажет. Сенат депутаттары қоғамымыздағы ең өзекті мәселелер бойынша Үкіметке 100-ден аса депутаттық сауал жолдады», - деді Тоқаев.

Сенат төрағасының айтуынша, биыл Палата заң шығару жұмысымен қатар парламенттік қызметтің басқа да бағыттары бойынша өте белсенді жұмыс істеді.

«Биыл парламенттік бақылаудың тиімді формасы болып табылатын парламенттің тыңдаулар өтті. Өткізілген 4 парламенттік тыңдаудың нәтижесі бойынша атқарушы органдарға нақты ұсыныстар берілді. Олардың орындалу барысы комитеттердің ұдайы бақылауында болады. Сондай-ақ, маңызды халықаралық іс-шаралар шеңберіндегі кездесулер еліміздің сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге ықпал ететініні сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Әлихан