Техно

Тоқаев Sәlem Entertainment медиакомпаниясының жасанды интеллект жобасымен танысты

Тоқаев Sәlem Entertainment медиакомпаниясының жасанды интеллект жобасымен танысты

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект жобаларын ұсынды, деп хабарлайды KzNews.

Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумында Sәlem Entertainment медиакомпаниясы жасанды интеллект бағытындағы жаңа бастамаларын таныстырды.

Форум аясында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық әзірлемелер көрмесін аралап, отандық және шетелдік компаниялардың жобаларымен танысты. Солардың бірі - Sәlem Entertainment.

Компанияның бас директоры әрі продюсері Игорь Цай жасанды интеллект көмегімен жасалған генеративті контентті көрсетіп, Sәlem AI бағытының дамуы туралы айтты. Оның айтуынша, компания сериал мен фильм өндірісінде халықаралық деңгейдегі алгоритмдерді енгізіп келеді.

«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз, біріншіден, промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлауға, екіншіден — вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға баса назар аударып отырмыз», — деді Игорь Цай.

Форумда ұсынылған жобалар Қазақстандағы цифрлық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті. Sәlem Entertainment медиа, технология және білім саласын біріктіріп, жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz