“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: Сайлау - бұрын соңды болып көрмеген деңгейде әділ өтеді

Тоқаев: Сайлау - бұрын соңды болып көрмеген деңгейде әділ өтеді

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) сессиясы кезінде Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауы туралы айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Президент сонымен қатар сессияға қатысушыларға Қазақстанда электоралды кезең басталып жатқанын айтып өтті.

«2021 жылғы 11 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілдік органдарының сайлауы өтеді.

Сайлау конституциялық мерзімде болады. Партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Серіктестеріміздің қолдауы мен осы елдердің бақылаушыларын күтеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Еркебұлан