KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев ҚР ҚК әуе қорғанысы күштеріне жаңа бас қолбасшы тағайындады - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

ҚР-дың қарулы күштерінің әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылғаны жайлы айтылған. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →