Қазақстан президенті коронавирусқа байланысты фейк ақпарат таратып жатқандар жазаланатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды.
"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.
Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 14, 2020
Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай толық бақылауда.
"Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деді мемлекет басшысы.
Сөз соңында президент баршаға мықты денсаулық тіледі.
"Біз #Birgemiz!", - деді Тоқаев.
sputniknews.kz