9,4 млрд доллар: еліміздің халықаралық резервтері өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жариялайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жолдауда елдің алдағы даму бағыты мен жоспарлары айқындалады.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев жақында өткен Құрылтай сайлауына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа құрамға кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар, оның ішінде жастар да кірген. Бұған қоса, Вице-Президент тағайындалып, жаңартылған Үкімет жұмысын бастады. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды.

«Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі