KZNEWS.KZ
Саясат

БҰҰ құрылымында маңызды ұйым құру: Тоқаев өз ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады

• Жарқын Омаров
Фото: un.org

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі ұсынысына қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Президенттің айтуынша, былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасаған.

«Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз. Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым.Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр. Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын», - деді ол.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →