Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өз сөзінде Тоқаев Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейтінін атап өтті.

“Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады”, – деді ол.

Президенттің сөзінше, православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

“Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!” – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Автор
Нұрсұлтан