«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев отандық кәсіпкерлерге дағдарыс кезінде қолдау көрсетілетінін жеткізді - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев отандық кәсіпкерлерге дағдарыс кезінде қолдау көрсетілетінін жеткізді - Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа арналған үндеуінде кәсіпкерлерге көмектесетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біз коронавирустың әлемдік экономикаға өте жағымсыз әсерін көрдік.

Шындығында, біз бүкіл әлемдік экономикалық жүйені қайта форматтау туралы айтып отырмыз.

Қазақстан осы үлкен дағдарыстың салдарын сезінуде.

Бірақ экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленістің және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолданамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері шамамен 90 миллиард долларға жетті.

Бұл біздің экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі.

Біз бюджет шығыстарын жұмыспен қамтуға және бизнеске барынша тиімділік беретін бағыттарға бағыттаймыз.

Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кемінде 300 миллиард теңге бөлінеді.

Бизнесті несиелеу деңгейінің төмендеуіне жол бермеуіміз керек. Ішкі нарықты толтыру және өндірісті ынталандыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру артады.
 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан