KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Нахчывандағы әуежайға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

• Азамат Қойшығара
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайға шабуыл жасағаны туралы ақпаратқа байланысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған мұндай әрекетті қатаң айыптайтынын айтты.

Президент болған оқиғаның барлық мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп жан-жақты тексерілетініне сенім білдірді. Сонымен қатар екі ел арасындағы түсініспеушілік аймақтағы жағдайды ушықтырмай, дипломатиялық жолмен реттелуі қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы жағдайды бейбіт жолмен шешу өңірлік тұрақтылықты сақтау үшін маңызды екенін жеткізді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →