“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев мырза, Әшімбаев орнынан босатылсын – қоғамдық белсенді

Тоқаев мырза, Әшімбаев орнынан босатылсын – қоғамдық белсенді

«Ашаршылық Құрбандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазан Құрманбаев мемлекет басшысынан Әшімбаевты орнынан босатуды сұрады.

"Тоқаев мырза! ХХ-шы ғасырдағы қазақтың 70 пайызы қырылған қолдан жасалған алапат ашаршылықты жоққа шығарушы - Әшімбаев орынтағын босатсын!" деп талап қойды Р.Құрманбаев.

"Әшімбаев өз ұлтын басынып, рухын таптап, қасіретті тарихымызға топырақ шашып отыр" дейді "Ашаршылық " деректі фильмінің сценарий авторы Рамазан Құрманбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ашаршылыққа байланысты жиында сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал» деген болатын.

https://youtu.be/pOpIi8pOFHM

Автор
Нұрсұлтан