Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: Мұнай экспортында КТК бағытына басымдық беріледі

Тоқаев: Мұнай экспортында КТК бағытына басымдық беріледі
фото: видеодан кадр

Қазақстан Украинадағы жағдайды және Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстың табиғи ресурстар мен олардың халықаралық нарыққа экспортталуына қалай әсер етіп жатқанын ескереді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Сонымен қатар біз Ресеймен стратегиялық әріптестікке берік сенеміз. Алайда бұл тек бір ғана көлік бағытына немесе маршрутқа тәуелдіміз дегенді білдірмейді. Сондықтан сіз Баку – Жейхан құбыры, Орта дәліз және басқа бағыттарды атағаныңыз орынды», – деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен, оның айтуынша, мұнайды шетелге тасымалдау немесе экспорттау көлемі тұрғысынан басымдық Каспий құбыр консорциумына (КТК) беріліп келеді және солай болуы керек.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан