Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды

Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы педагогтерге түсетін артық жүктемені азайтып, оларды қағазбастылық пен қажетсіз тексерістерден босату қажет екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Президенттің сөзінше, білім беру саласындағы мемлекеттік сервистер мен қызметтерді біріктіру арқылы мұғалімдердің уақытын алатын жұмыстар қысқартылады.

«Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек», – деді Мемлекет басшысы.

Ол мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына және оқу процесіне қатысы жоқ қоғамдық іс-шараларға тартуға жол бермеу керектігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктердің тиісті басқармалары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және білім беру бағдарламаларын саралауға басымдық беруі тиіс.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі