«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Маминге маңызды тапсырма берді

Тоқаев Маминге маңызды тапсырма берді

Экономика

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды.

"Қазақстан президенті үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген ресми ақпаратта. 

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Тағы оқыңыз: Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды әкелуге көмектескені үшін алғыс айтты

Соңғы деректер бойынша, коронавирусты 20 мыңнан астам жұқтырған, 420-дан астамы көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан