Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысы спортшылардың жоғары нәтижеге табандылық, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.
Президент чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлерге және мамандарға алғыс білдіріп, бұл жетістік Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түсетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортшыларға алдағы беделді жарыстарда да биік белестерді бағындыруды тіледі.