Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат жарысында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат жарысында алтын жеңіп алды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық шабандоздар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жорық сайысынан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұны Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Атпен ұзақ қашықтыққа жүру жарысының қатысушылары 300 шақырымды еңсеруі керек болды. Жарыс төрт күнге созылды.

Қазақстан құрамасының өкілдері қарсыластарынан бұрын мәреге жетіп, бірінші орын алды. Күміс және қола медальдарды Қырғызстан құрамасының спортшылары иеленді.

Қорытынды нәтиже:

Бірінші орын – Қазақстан;

Екінші орын – Қырғызстан;

Үшінші орын – Қырғызстан.

Қазақстанның жеңімпаз құрамасы сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Рейімбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Бішкекте ұйымдастырылса, негізгі жарыстар мен мәдени іс-шаралар Ыстықкөл облысында өтіп жатыр. 

Биыл ойындарға 104 елден спортшылар тіркелген. Қатысушылар дәстүрлі ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, күш сынасу және зияткерлік ойындар бойынша бақ сынауда.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өткен. Халықаралық жоба этноспорт, этномәдениет, ғылым мен дәстүрлі білім бағыттарын қамтиды. Оның мақсаты – көшпенді халықтардың спорттық жарыстарын, қолөнерін, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау.

Сонымен биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойыны алтыншы рет өтіп жатыр. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.