Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасын ерекше ықыласпен таныстырған журналистке көлік сыйлады

Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасын ерекше ықыласпен таныстырған журналистке көлік сыйлады
фото: ашық дереккөз

Қырғызстандық танымал тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Көшпенділер ойындарында күтпеген сыйлыққа ие болды. Қазақстан құрамасын тулар шеруінде ерекше эмоциямен таныстырып, қолдау білдіргені үшін Қазақстанның көкпар федерациясы оған жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Көліктің кілтін жүргізушіге Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров табыстады. Сыйлық көкпардан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде берілді.

Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша бірінші орын алдыОқыңыз

 Айзада Жамгырчиева кейін әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сыйлықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтып, әсерімен бөлісті.

"Мен үшін бұл жай ғана сыйлық емес. Қазақстанға деген қолдауымды байқап, бағалап, маған үлкен құрмет көрсеткенінің белгісі", – деді ол.

Жүргізуші бұл сәтті қазақ пен қырғыз арасындағы бауырластықтың тағы бір көрінісі деп бағалады.

"Осындай сәттер қырғыз бен қазақтың бауырластығы жай сөз емес екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Екі халықтың достығы нығая берсін! Қырғыз бен қазақ әрқашан бауыр!" – деді Айзада Жамгырчиева.

Бұған дейін Көшпенділер ойындарындағы тулар шеруінде Жамгырчиеваның Қазақстан құрамасын ерекше эмоциямен таныстырған видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді. Оның қазақстандық спортшыларға білдірген қолдауы желі қолданушыларының ықыласына бөленді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.