KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев коронавирус пандемиясы жайлы пікір білдірді - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялағаннан кейін аталған ахуал жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазыпты Тоқаев. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы қазақстандықтардың денсаулығы бірінші орында екендігін атап өтті.

"Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды бірге еңсереміз", - деп қосты президент. 

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағаны айтылған еді. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →