Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев халқы үш есе көбейіп кеткен Қосшыға барып, кемшілікті жоюды тапсырды

Тоқаев халқы үш есе көбейіп кеткен Қосшыға барып, кемшілікті жоюды тапсырды

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан президенті ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келе жатқанын, ал бұл азаматтардың тұрмысына кері әсер етпеуі керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда іргесіндегі Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында инженерлік-көліктік инфрақұрылым ахуалымен танысып, жергілікті су тарату станциясын аралап көрді. Қазақстан президентіне сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепке барды. Мемлекет басшысы мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу барысында сапалы білім алу үшін елде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

Қазақстан президенті ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келе жатқанын, аталған жағдай азаматтардың тұрмыс сапасына кері әсер етпеуі керек екенін айтты. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге бағытталған шараларға ерекше назар аударды.  

"Біз бұл мәселені жақсы білеміз және Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Тиісті қаражат бөлінді. Аталған мәселе менің бақылауымда болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл елді мекеннің халқы ресми есептелген межеден көп артып кеткенін айтты.

"Статистикалық мәлімет бойынша кент 16 мың адамға есептелген. Бірақ іс жүзінде 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауданның әлеуметтік саласына үлкен салмақ түсіреді. Аталған мәселені облыс басшылығымен талқылап, жүйелі түрде шешетін боламыз", – деді Қазақстан президенті.

Сапар қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Үкімет пен Ақмола облысының әкімдігіне кемшіліктерді қалпына келтіруге және ауылды одан әрі дамытуға нақты тапсырмалар берді. 


sputniknews.kz
Автор
Жандос

Журналист