Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Expo орталығында халықты Наурызбен құттықтады

Тоқаев Expo орталығында халықты Наурызбен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Expo» көрме орталығында ұйымдастырылған этноауылға барып, қалың бұқарамен бірге Ұлыстың ұлы күнін мерекеледі. Президент жиналған қауымды төл мерекемен құттықтап, ел бірлігі, тазалық және ұлттық құндылықтар туралы маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мерекелік іс-шарада сөз алған Президент биылғы әз-Наурыздың қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екенін атап өтті. Оның пайымынша, бұл сәйкестік халықтың рухани болмысын айшықтай түседі.

«Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Наурызды игілікті істер мерекесі деп атап, жұртшылықты мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға шақырды.

Президент былтыр енгізілген жаңа тұжырымдамаға сәйкес, Наурызнаманың он күн бойы тойланатынына және әр күннің өзіндік тағылымы бар екеніне назар аударды. Бүгінгі күннің «Ынтымақ күні» деп аталуы да тегін емес.

«Наурыз – көптеген шығыс халықтарына ортақ мереке болғанымен, елімізде оны тойлаудың ерекше дәстүрі қалыптасқан. Шетелдік меймандар да арнайы келіп, салтымызбен танысады. Бүкіл халқымыз ұлтына, дініне қарамастан бір ел болып, Наурызды бірге атап өтеді», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, дәл осы ауызбіршіліктің арқасында Қазақстан саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып, халықаралық аренадағы беделін нығайтып келеді.

Мерекелік жиында экологиялық мәдениет мәселесі де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы ежелден келе жатқан бұлақ көзін ашу, тал егу дәстүрін бүгінгі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясымен сабақтастырды.

«Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Осылайша қоғамымызда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Наурыз – нағыз еңбек мерекесі. Біз биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладық. Басты мақсатымыз – еңбек адамының беделін арттыру», – деп атап өтті ол.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы маңызды даталарға тоқталды. Биыл Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл, ал Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Президенттің пікірінше, әлемдегі алмағайып жағдайға қарамастан, Қазақстан цифрландыру, жасанды интеллект және инфрақұрылымдық жобалар арқылы дамуын жалғастыра береді.

«Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз әрі дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз! Қазақстаннан басқа еліміз жоқ», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Ресми құттықтаудан кейін Президент алаңдағы жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан