«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев драматург Роза Мұқанованы құттықтады

Тоқаев драматург Роза Мұқанованы құттықтады

Роза Мұқанованың Фариза Оңғарсынова туралы пьесасы Ресейде қазақ тілінде қойылды, драматургты президент құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы-драматург Роза Мұқанованы қабылдап, "Фариза" пьесасының табысты қойылуымен құттықтады.

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында жазды. 

"Белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанованы қабылдадым. Қазақстан, Ресей көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген "Фариза" пьесасының табысты қойылуымен құттықтадым", - деп жазды Тоқаев. 

Роза Мұқанова мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

© Photo : Посольство Казахстана в РФ

"Фариза" пьесасы

"Фариза" – қазақ ақыны Фариза Оңғарсынова туралы пьеса. Қойылымның бас продюсері және идея авторы - Айнұр Көпбасарова. Пьесаны Роза Мұқанова жазған. Басты рөлді "Дарын" сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина сомдады. Композитор - Ренат Гайсин, режиссер – Фархат Молдағали.

Қыркүйекте пьеса Алматыда, қараша айында Мәскеудегі "Современник" театрында көрсетілді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан