«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев бюджет туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев бюджет туралы жарлыққа қол қойды

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бюджетті нақтылау кезінде экономиканың қазіргі жағдайы мен әлемдегі эпидемиологиялық ахуал ескертілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Әлемдік экономиканың жағдайын, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды", - деп жазылған сайтта.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында премьер-министр Асқар Мамин үкіметке 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет пен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау шараларын қолға алуды тапсырған болатын.

Ұлттық қордан алынатын трансфет ұлғайтылады

2020 жылы Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион 70 миллиард теңгеге артып, 4 триллион 770 миллиард теңгеге жетеді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов трансфертті ұлғайту дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырып, бюджетке кем түсетін ақшаның орнын толтыру үшін қажет екенін жеткізді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан