Ресейдің тіл саясаты өзгерді: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев бірнеше елге Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Тоқаев бірнеше елге Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан, Қатар, Мажарстан және Сербиядағы жаңа елшілері тағайындалды. Сонымен қатар бірқатар дипломат бұрынғы қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Рәпіл Жошыбаев қызметінен босатылды.

Қазақстанның Қатардағы жаңа елшісі болып Бақыт Батыршаев тағайындалды. Ал Арман Исағалиев аталған қызметтен босатылды.

Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Осы елдегі бұрынғы елші Абзал Сапарбекұлы қызметінен кетті.

Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне тағайындалып, Қазақстанның Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Сербиядағы бұрынғы елші Мәди Атамқұлов та қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Қазақстанның Үндістандағы елшісі Азамат Есқараев Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметтерін қоса атқаратын болды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер