«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев арнайы жарлықты не үшін шығарғанын түсіндірді

Тоқаев арнайы жарлықты не үшін шығарғанын түсіндірді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жарлық қажетті дәрі-дәрмекті және басқа да құрал-жабдықтарды жеңілдетілген тәртіппен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекет жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін көтеріп, билік вертикалін күшейтуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде қазіргі дағдарыс жағдайында барлық қажетті шешім шұғыл қабылданады. Соның ішінде салық саласы да бар", - деді Тоқаев халыққа арналаған бүгінгі үндеуінде.

Президенттің айтуынша, жарлық қажетті дәрі-дәрмекті және басқа да құрал-жабдықтарды жеңілдетілген тәртіппен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда отандық тауар өндірушілерге басымдық жасалады.

"Осылайша, біз үшін аса қымбат уақыт мен қаржыны үнемдейміз. Бұл - қазіргі төтенше жағдайда аса маңызды мәселе. Халқымыздың даналығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі, қоғам мен мемлекеттің үйлесімді әрекеті барлық қиындықты еңсеруге көмектеседі деп білемін. Араңдатушылық ақпарат тарататындар мен дүрбелең туғызуға күш салатындар заңмен жазаланады. Барлық Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, бір-біріне көмек беруге шақырамын", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан