"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап, өңір жұртшылығымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. 

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 

Сондай-ақ, Тоқаев сапар барысында "Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі.

Айта кетсек, кеше президент Қостанай облысында жұмыс сапарымен болды. Ол Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысып, өңірдің бірқатар кәсіпорыны мен шаруа қожалығын аралап көрді. "СарыарқаАвтоПром" автомобиль құрастыру кәсіпорнында болып, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысты. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді


sputniknews.kz
Автор
Әлихан