Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтып, "ӘДІЛЕТ" партиясына қосылу туралы стратегиялық шешімді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
"Бүгін мен AMANAT партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіздер. Саяси ұйымның таяуда өткен съезінде «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын.Бүгінгі таңда барлық озық әрі жасампаз күштер жалпыұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттарға бірігуде. Мұндай қадам елімізде қолға алынып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін берері сөзсіз", - деді Тоқаев.