НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы жолаушылар апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жұма, 27 желтоқсанда сағат 07:22-де "Бэк эйр" әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы № Z2100 рейсі апатқа ұшырады. Салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты.