KZNews.kz
Танымал

Тоқаев алғаш рет немересі туралы айтты

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Мемлекет басшысы Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас футболшылармен тілдесу барысында немересі де осы спорт түрімен айналысатынын атап өтті. Ол немересі қақпашы екенін айтып қалды.

Жас футболшылармен, сондай-ақ боксшылармен әңгімесінде Тоқаев олардың болашақта әлем және Олимпиада чемпиондары болуларына сенім білдірді.

"Ол үшін ең алдымен аянбай еңбек ету керек. Еңбек қана жеңіске жетелейді", – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы биыл жеке инвестордың қаржысына пайдалануға берілген Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Ол бұқаралық спортты дамыту үшін осындай спорт кешендерін көбірек салу керегін атап өтті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →