"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Токио 2020: Қазақстан сегізінші қоламен олимпиаданы тәмамдады

Токио 2020: Қазақстан сегізінші қоламен олимпиаданы тәмамдады

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен Берульцова финал жолдамасын мысырлық Ферьял Абделазизбен сарапқа салды. Қазақстандық каратэші бұл жекпе-жекте 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Софья Берульцева топтық кезеңнен шыққаны хабарланған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші қола медаль түсті. Берульцоваға дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.

Автор
Айбар