Бұл туралы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеген.
Әлiшер Ерғали (Қазақстан) - Сулейман Карадениз (Түркия) белдеуiнде қызмет еткен төрешілер жазаланды. Нақтырақ айтсақ, кездесудің бас төрешісі Давор Петанйек (Хорватия) жарыстан шеттетілді. Ал қалған төрешілерге ескерту жасалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясы аталмыш кездесудегi төрешілердiң әдiлетсiз шешiмiне шағымданған болатын.