KZNEWS.KZ
Қоғам

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды kznews.kz

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.

«Бұдан бөлек, президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →